Home / Түлектер тақтасы

Түлектер тақтасы

Республиканың барлық өңірлеріндегі
аймақтарындағы білім беру ұйымдарын бітіруші
түлектерге арналған «ТҮЛЕКТЕР
ТАҚТАСЫ» жобасының тұжырымдамасы

Еліміздің экономикасында 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 2,1 млн. адам немесе 24,7%-ы жастар. Олардың арасында 502,3 мың жастар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, 20,7%-ы (104,2 мың) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар.

Бұдан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың 50%-ы арнайы, орта және жалпы білімі бар болса, 22%-ның жоғары білімі бар. Жұмыссыз жастардың 63%-ның орта кәсіптік және жоғары білімі бар, 37% кәсіптік білімі жоқ.

Қазіргі уақытта еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар бойынша проблемалар бар (NEET). NEET санатындағы жастар (15-28 жас) үлесінің өсу үрдісі байқалады: егер 2011 жылы олардың үлесі жастардың жалпы санының 7,8% құраса, 2016 жылғы 4-ші тоқсанда 10% құрайды. (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша).

Сарапшылардың пікірлеріне сәйкес, аталған өзекті мәселенің орын алу себептерінің бірі оқу орнын бітіруші түлектер арасында кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың тиісті деңгейде іске асырылмауы болып отыр.

Аталған проблеманың алдын алу мақсатында республиканың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған үлгілік «ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ» жобасын іске асыру ұсынылады.

Жобаның мақсаты – елдің барлық білім беру ұйымдарының түлектерін ақпараттандыру арқылы қажетті мамандықты таңдауда кәсіптік бағдар беру.

Жобаның міндеттері:
1. Түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға жан-жақты жағдай туғызу;
2. Құзырлы органдардың мүмкіндіктерін түлектерге кешенді ақпараттар ұсынуға жұмылдыру;
3. Жас мамандардың жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай жасау;
4. Елдің барлық білім беру ұйымдарының түлектерін жан-жақты ақпараттандыру арқылы қажетті мамандық таңдауда кәсіптік бағдар беру;
5. Еңбек нарығының қажеттіліктерін нақты көрсете отырып, жұмыс табуына жағдай туғызу;
6. Жас мамандарға бағытталған мемлекеттік қолдауларға қол жеткізуге мүмкіндіктерді арттыру, сондай-ақ жастардың өз болашақ мамандығын саналы таңдау үшін жан-жақты жағдай жасау;
7. Қазіргі уақытта өңірлер мен республикада замануи еңбек нарығы және талап етілетін мамандықтар туралы мектеп оқушыларының хабардар болу деңгейін арттыру.

Мамандығы Артықшылығы Қажеттілігі Жұмыс орындары
110901 2  Токарь Токарь кәсібі – металды өңдеумен байланысты кәсіптің арасындағы кең таралғандардың бірі.

Токарь дайындаманың үстін кесумен өңдейді, яғни артық материалды кеседі. Кесумен өңдеудің бірнеше тәсілдері бар, және тәсілдердің әрқайсысына нақты станоктар сәйкес келеді. Токарлы станоктар жеке токарлы операцияларды орындайтын арнайы және барлық токарлы жұмысты орындауға болатын әмбебап станоктары болады. Орындалатын жұмысына қарай және қандай да бір станок түрін пайдалануына байланысты токарлық мамандықтардың бірнеше топтарын айыруға болады: токарь-әмбебап, токарь-карусельщик, токарь-револьверщик, токарь-жонушы және т.б.

Ең қиын және көп таралған мамандық токарь әмбебап болып табылады. Токарлы-бұрандакескіш станоктарда токарь-әмбебап әртүрлі металдарды, қоспаларды, пластмассаларды және басқа да металл материалдарын өңдеп, барлық токарлық жұмыстарды орындайды. Ол дайындамаларды цилиндрлік, конустық немесе күрделі фасондық пішінге келтіре отырып сыртқы қыруын өткізеді, тесіктерді бұрғылайды, бұйымның ішкі жонып өңдеушілікті істейді, сыртқы және ішкі жыраларды кеседі, сыртқы немесе ішкі ойма, бұйымдарды қырнайды және т.б. Сонымен қатар токарь бөлшектерді толығымен дайындайды немесе жартылай өңдеуді жүзеге асырады. Өңделетін бөлшектердің өлшемі әртүрлі болуы мүмкін – миллиметрдің он бөлшегінен бірнеше метрге дейін.

Токардың жұмысы сызуды немесе технологиялық картаны оқудан басталады. Сызу фртүрлі проекцияда көрсетілген бөлшектердің бейнесін береді: онда өлшемдер, нақтылық және өңдеу тазалығының талаптары, металл маркасы көрсетіледі. Токарь өндірістік процессті және өнімнің сапасын арнайы өлшеуіш құрылғылармен бақылайды. Бақылау-өлшеуіш операциялары жұмыс уақытының көп бөлігін алады. Нақтылыққа жоғары талаптар ұқыпты өлшеуді де қажет етеді.

Соңғы жылдары токардан информатика негіздерін білуді талап ететін санды бағдарламалы басқару станоктары кең таралған.

 

Токарлар ғимаратта, тұрақты жұмыс орнында, жақсы жарықтандыруда жұмыс істейді. Олардың жұмыс күні регламентті.

Токарь жұмысында шу сипаты бойынша станоктың түзетуін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы көздің көруі және есту қабілеті маңызды рөлді атқарады. Оның жақсы реакциясы және қозғалыс координациясы болу керек, жұмысты орындау кезінде ұқыпты және жинақталған болу керек. Токарь кеңістікті ойлауға ие болу керек.

1109102 Станочник широкого профиля Токарлық, фрезерлік станоктарда күрделі, эксперименталды және бағалы бөлшектер мен құралдарды 6-7 квалитет бойынша және ажарлау станоктарында салқындатқыш сұйықтықты қолдана отырып, 1-5 квалитет бойынша бөлшектерді өңдеу. Кез келген модульді және қадамды күрделі пішінді көп кіретін бұрамаларды кесу. Өте сирек кездесетін фрезерлік станоктарда күрделі ірі габаритті бөлшектерді, тораптарды, шалыстыққа және деформацияланған жұқа қабырғалы ұзын бөлшектерді фрезерлеу. Бірнеше орын ауыстыруды және оптикалық аспаптарды қолдана отырып, дәл тексеруді қажет ететін, өңдеуге және өлшеуге қиын жерлері бар күрделі конфигурациялы сыртқы және ішкі жанасқан бетті ажарлау және жетілдіру. Қызмет көрсетілетін станоктардың конструкциясын және дәлдікке тексеру ережесін; күрделі бөлшектер мен құралдарды орнату, бекіту және салыстыру тәсілдерін; өңдеудің жүйелілігін айқындау әдістерін; кескіш құрылдардың барлық түрінің құрылғысын, геометриясын және термоөңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін; станоктың анықтамалығы мен паспорты бойынша кесудің тиімді режимін айқындау ережесін; күрделі пішіндерді калибрлеудің негізгі принциптерін; күрделі пішіндерді өңдеуге арналған ажарлағыш шарықтастарды түзетудің ережесі ме,н тәсілдерін; кедір-бұдырлықтың белгіленген квалитеттері мен параметрлеріне жету тәсілдерін.

 

Кен бейінді станокшы ғимаратта, тұрақты жұмыс орнында, жақсы жарықтандыруда жұмыс істейді. Олардың жұмыс күні регламентті. Жұмысында шу сипаты бойынша станоктың түзетуін анықтауға мүмкіндік беретін жақсы көздің көруі және есту қабілеті маңызды рөлді атқарады. Оның жақсы реакциясы және қозғалыс координациясы болу керек, жұмысты орындау кезінде ұқыпты және жинақталған болу керек.
1106012 Парикмахер-модельер Сонау ежелгі Египеттен бастау алған осы мамандық ең көне әрі өміршең мамандықтардың бірі десек, бүгінгі күн – шаштаразшылар бәсекесінің нағыз қызған шағы. Германияда күнделікті шаш үлгісін жасату үшін әйелдер жылына кем дегенде 11 рет, ал ерлері 10 рет шаштараз қызметіне  жүгінеді екен. Біздің еліміз де бұдан қалыс қалып жатқан жоқ.

 

Бүгінде кәсіби шаштаразшының  қызметіне жүгіну оңай шаруа емес, уақытыңмен қоса қалтаңды да біраз жұқартуға тура келеді. Шыққан шығынның есесіне сіз ажарланып, қалауынша сұлу бола аласыз. Нағыз маман сіздің бет келбетіңіздің артық жерлерін жасырып, шаш үлгісі арқылы бет пішініңіздің формасын үйлестіре алады. Жасалған шаш үлгісі сіздің теріңіз бен көзіңіздің түсіне, бет пішініңіз бен дене пошымыңызбен үйлесім табуы қажет. Клиентіңізді жалықтырып алмау үшін әсерлі әңгіме айтып, шаш күтімі жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісу  де  үлкен өнер. Кез келген шаштаразшы шашты тараудан бастап, өру, қию, бояу, бұйралау,  химиялық жолмен  сәндеу технологиясын, әр түрлі шаш үлгілерімен жұмыс жасауды жетік меңгергені жөн. Тіпті клиент үшін шашты дұрыс жуып, бас терісін уқалай білу де маңызды рөл атқарады. Қолданатын құрал-саймандарды да дұрыс таңдай білу кәсібилікті талап етеді. Әсіресе, жасалуы күрделі, мерекелік, қалыңдыққа арналған шаш үлгілерін епті жасай білсең, еңбегің соғұрлым жемісті болмақ, Шашын сәндегісі келетін қыз-келіншектер жылдың қай мезгілінде болсын табылады. Қалтаң ақшадан қағылмайды, әйтеуір. Бірақ клиентпен жұмыс жасаудың да машақаты жоқ емес

 

 

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?