Home / Колледж құрылымы / Тәрбие бөлімі / Әлеуметтік педагог және психолог

Әлеуметтік педагог және психолог

Әлеуметтік педагогтың негізгі міндеттер мен қызмет мазмұны:

Әлеуметтік педагог қызметі 3 бағытта жүргізіледі:

  1. Білім алушылармен отбасы мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді.
  2. Социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен білім алушыларға әлеуметтік-педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады.
  3. Білім алушының жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, жеке тұлғасы дамуының бұзылу себептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен білім алушылардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз етуі

Міндеттері:

  • Өзара қарым-қатынаста, оқу барысында қиындыққа ұшыраған оқушыларға әлеуметтік-педагогикалық көмек беруді қамтамасыз ету;
  • Оқушы отбасының тәрбие жағдайын зерттеу;
  • Тұрғылықты мекен-жайда тұлғаны әлеуметтік қорғау, тәрбиелеу және оқу ағартудың кешенді шараларын жүргізу;
  • Білім алушының қызығушылығын, сұранысын, мінез ауытқушылығын, шиеленісті жағдайларын анықтап, мезгілінде әлеуметтік педагогикалық көмек көрсету;
  • Отбасының әлеуметтік ортасын қалыптастыру;
  • Әлеуметтік ортадағы гуманистік рухани-адамгершілік қатынастардың қалыптасуына ықпал ету;
  • Тәрбиеленушілерді қамқорлыққа алу, оларға көмек көрсету мәселесінде мұғалімдермен ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) әлеуметтік қызмет мекемесі мамандармен тығыз байланыс орнату;
  • Білім алушылардың демалысы мен оқу тәрбие процестің режиміне бақылау жасау;
  • Медициналық әлеуметтік тәуекел тобына жататын балаларды анықтау, медициналық тексерістен уақытылы өтуін қамтамасыз ету;
  • Тұлғаның қоғам өміріне тиімді орналасуына, отанды сүю, қоршаған табиғи ортаны аялауына және азаматтық тәрбие беру шараларына ықпал ету;
  • Тұлғаның дамуы мен тәрбие проблемаларын шешуде отбасылармен серіктестік, әріптестік қарым-қатынастар орнатып, ынтымақтастықпен жұмыс жүргізу.

2015-2020 оқу жылының колледж студенттерінің әлеуметтік көрсеткіші.

Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары.

«Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі» кездесу сағаты

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?