Кітапхана

Кітапхананың пайдалану ережесі

1.Кітапхананы оқушылардың, оқытышылар мен қызметкерлердің пайдалануына құқы бар.

  1. Кітапхана оқырмандары негізгі тегін кітапхана қызметтерімен қамтамасыз етеді.
  2. Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүзеге асады. Кітаптың соңғы немесе жалғыз данасы үйге берілмейді.
  3. Бірінші курс студенттеріне қыркүейікте оқырман карточкасы толтырылады.
  4. Кітапханаға жазылар кезде оқырман кітапхананы пайдалану ережесімен танысады.
  5. Кітапхана жыл сайын өз белгіленген мерзімде оқырмандарды,оларға жазылған әдебиеттердің бәрін тексеріп, қайта тіркеуден өткізеді.
  6. Оқу орнынан кетерде оқырман өзіне жазылған басылымдарды кітапханаға қайтарады.

8.Кітаптарды басқа басылым туындыларын алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады.

9.Жоғалған немесе бүлінген кітаптың  орнына нақты сондай немесе сол кітаппен бағасы тең кітап тапсырылады.

                                     Оқырман міндетті

1 Әдеби кітаптар алу үшін оқырман,оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға:

2 Кітаптарға,баспа туындыларына,басқада материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға:

3 Кітапханадан алған басылымдарды берілген мерзімде қайтаруға міндетті.

           Оқырмандарға мыналар рұқсат етілмейді.

Кітапханаға сырт киіммімен кіруге; кітапхана бөлмелерінде тыныштықпен тәртіп бұзуға; кітапханадан өзі қол қоймаған кітапты алып шығуға; кітапхана басылымдарына(оларға белгі салуға,парақтарын жыртуға,жиеіктерін бүгуге т.б) зиян келтіруге: қызмен орындары мен кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге.

                            Естеріңізде болсын!!!

Ұқыпты ұсталған кітаптың өміріде ұзақ болады.

-Кітаптың парақтарын бүктеуге,жыртуға болмайды.

-Кітаптағы мәтіндерге белгі соғуға сызуға болмайды.

-Кітаптағы суреттерді, сызбаларды,схемаларды бастыруға болмайды,парағы бүлінеді.

-Кітапты лас қолмен ұстамаңыз!

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?