Home / Саналы ұрпақ еріктілер клубы

Саналы ұрпақ еріктілер клубы

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ
КОНТЕКСТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ
КОЛЛЕДЖ ОРТАСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу
    контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті колледж ортасында
    қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тұжырымдамалық
    тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар
    ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.
  3. Тәрбие жұмыстың мақсаты және міндеттері

Осы Бағдарламаның мақсаты колледжде аса өнегелі, жауапты
бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты
қалыптастыру үшін жағдай жасау.

  1. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге
бағытталған шараларды іске асыру;

2) студенттердің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;

3) студенттердің  саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;

4) студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының
адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.

  1. Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері
    қолданылады:
    1) адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын
    қалыптастыруға, әр студенттің сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті
    қалыптастыруға бағытталған;

2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы
қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер
туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге,
сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;

3) эстетикалық тәрбиелеу студенттердің эстетикалық талғамын және
қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге
жәрдемдесетін студенттердің өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін
түсінуін дамытуға бағытталған.

  1. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін колледждің
    басшылығы мен топқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге
    жүктеледі.
    6. Жалпы білім беретін колледжтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті
    көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде колледж
    студенттерінің заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім
    және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.
  2. Колледжрде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға
    жәрдемдесетін және қатысатан «Саналы ұрпақ» ерікті клубы
    құрылады.
  3. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:

1) колледжтің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына
арналған кешенді жоспары;

2) топқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие
жұмыс жоспары;

3) «Саналы Ұрпақ» ерікті клубының жұмыс жоспары
болып табылады.

  1. Осы бағдарламаның 8-тармағында көрсетілген жоспарлар Колледжде
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік
    тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қалыптастырылады.
  2. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың, күнтізбелік іс-шаралар
    өткізудің, қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті
    орган және өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестіктің негізгі
    бағыттары. көрсетілген.
  3. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.
  4. «Саналы Ұрпақ» ерікті клубының негізгі міндеттері
    колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас
    жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып
    табылады.
    13. «Саналы Ұрпақ» ерікті клубы келесі секциялардан тұрады:
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат
    және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек
    үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға
    қатысады.
    15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық
    секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен ісшараларын ұйымдастыруға қатысады.
  6. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды,
    диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар
    мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды
    іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Саналы ұрпақ еріктілер клубының жұмыс жоспары.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?