Home / Колледждің қызметі / Тәрбие жұмысы / Қамқоршылық кеңесі

Қамқоршылық кеңесі

Қамқоршылық кеңес ережесі.

2019 — 2020 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары.

 

2018-2019 оқу жылына арналған

 Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары

№/п

айы

Іс-шаралар

1 Қаңтар-наурыз
  1.  2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгеріс еңгізу және қайта бекіту.
  2. Қамқоршылық Кеңесінің жұмысының негізгі бағыттарын анықтау, әдіснамалық ұсынымдармен және нормативтік-құқықтық базамен танысу.
  3. Ата-аналарға арналған педагогикалық оқытуларды  ұйымдастыру.
  4. Кәмелетке толмаған студенттер арасында салауатты өмір салтын және құқық бұзушылықты болдырмау.
  5. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға қатысу.
  6. Колледж территориясын жетілдіру бойынша іс-шараларға қатысу.
2 Сәуір- маусым
  1. Патриоттық тәрбиелеу айын ұйымдастыру және өткізуге қатысу: Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мереке. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету.
  2. 2019 жылы бітіретін түлектерді алдын ала жұмысқа орналасуы туралы.
  3. Колледждің үздік студенттерін ынталандыру, соңғы қоңырауды ұйымдастыруға жәрдемдесу.
4 Қыркүйек- қараша
  1. Кеңестің 2018/2019 оқу жылындағы қызметін талдау. Колледждің жаңа оқу жылына дайындығы.
  2. Қамқоршылар кеңесінің 2018/2019 оқу жылындағы қаржы қызметінің нәтижелері.
  3. Мұғалім күніне және қарттар күніне арналған іс-шараларға қатысу.
  4. Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларға қатысу.

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі

Қамқоршылық Кеңестің отырысы

Хаттама № 1

Күні: 25.01.2019 ж.

Уақыты: 16:00

Қатысқандар:

  1. Байбулатова Злиха Таскынбаевна – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз;
  2. Сүндетбаева Айнур – Ақтөбе қаласы, Елек ПБ полиция капитаны;
  3. Киякбаев Кайрат – «АссемерСтройКом» ЖШС-нің директоры;
  4. Конысбаев Арман Абдилнасирович – «Арман» және «Barbershop» шаштараз салонының және шаштараз құралдары бұйымдарын сататын дүкеннің директоры;
  5. Ташкенбай Султанбек- Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының мүшесі;
  6. Харисов Зуфар Зарипович – ардагер ұстаз;
  7. Черниязова Ақмарал – Үй шаруасындағы ІІІ курс студентінің ата – анасы;
  8. Балуанова Турсын Анесқызы – «Аида» шаштараздың директоры;
  9. Ахметалина Салтанат – Транс–Энерго кассир, ІІІ курс студентінің ата – анасы, қамқоршылық кеңесінің хатшысы;
  10. Садыкова Данагул Ахметовна  — Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледж директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Күн тәртібінде:

  1. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министірінің 2017жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстыру;
  2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалауынсыз және панасыз қалуының алдын алу туралы – Садыкова Данагул Ахметовна — Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледж директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  3. 2018-2019 оқу жылының жылдық жұмыс жоспарын бекіту;

Тыңдалды:

І мәселе бойынша Байбулатова Злиха Таскынбаевна – Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы  27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырды.

2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі және құрамы.

3 — тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі.

4 — тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі.

5 — тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату.

Қаулы: Назарға алу және жұмыс барысында пайдалану.

ІІ мәселе бойынша Садыкова Данагул Ахметовна  — Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледж директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың  профилактикасымен  таныстырып өтті.

Топтарда  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында  колледж  студенттері  Елек ППБ полиция капитаны,  кәмелеттік жасқа толмағандар инспекторы  А.Сундетбаевамен  кездесу өткізілді.  Сундетбаева А. баяндама оқып, «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқықбұзушылықтарды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің баптарына қысқаша тоқтала кетті.

Қазан айында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу және кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің тәртібі» жайында «Аңсар» орталығы мамандарымен кездесу өткізілді.

Облыстық білім басқармасының орынбасары Ж.Жанайдаровпен, колледж директоры Е.Жайлыбаймен, ауған соғысының ардагерлерімен, колледж түлектерімен, заң қызметкерлерімен «Шанс» психологиялық орталығының психологтарымен бірнеше рет кездесулер мен сыныптан тыс шара өткізілді.

Оқу жылының басынан колледжде құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі жиналыстары уақытылы өткізілді.

Колледждің қыз балалары арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оқу жылының басында 1 қыз бала ерте жүктілік негізінде тіркелді.

Колледж студенттері арасында түнгі мезгілде ата – ана қадағалауынсыз жүрген оқушылар тіркелді. Ол оқушылармен, ата-аналарымен колледж психологі, колледж инспекторымен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді болдырмау мақсатында колледжімізде арнайы  — 23 пәндік үйірмелер жұмыс жасаса, 9 спорттық секциялар талапқа сай жұмыс жасауда.

Колледжде  — 628 студент оқыса, оның 260 басқа қалалар мен аудандардан келген. 470 – кәмелеттік жасқа толмағандар.  Колледж студенттеріне шәкіртақы төленеді және 434 студент ыстық тамақпен қамтылған.

Колледждің 6 студенті қалалық ІІБ құқықбұзушылық бойынша есепке тіркелген, есепте тұрған студенттермен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отырады.  Қазіргі таңда  1 студент «Шанс» психологиялық орталығында үйірме жұмыстарына қатыстырылады, аптасына 2 рет барады.

Қаулы:

  1. Қамқоршылық кеңес мүшелері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында ата – аналармен және студенттермен бірлесе жұмыс атқару.
  2. Ата-аналарға арнап отбасындағы тәрбие туралы дәрістерді ұйымдастыру. Сәтсіз отбасыларымен жұмыс жасау.

                ІІІ мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Байбулатова Злиха Таскынбаевна 2018-2019 оқу жылының жылдық 1жұмыс жоспарымен таныстырылды.

Қаулы: ұсынылған жұмыс жоспарын бекіту және орындау.

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:                              З.Т. Байбулатова

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы:                                  С. Ахметалина

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?