Дуалдық оқыту жүйесі

Колледжде дуальді оқытуды ұйымдастыру

Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальды жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап 1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Облыстық кәсіпкерлер палатасымен және жұмыс берушілермен бірлесіп дуальды оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау туралы үш жақты шарт жасалды. Дуалды жүйе енгізу бойынша «ПП Технодом СТ КЗ» ЖШС және «Асемер Строй Ком» ЖШС-нің әлеуметтік серіктестері.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша білім алушыларды дуальді оқыту жүйесі бойынша дайындау басталды. «Шаштараз-модельерлерді» бірлесіп дайындау үшін Тулегенов А.А. ЖК-мен «BARBERshop» шаштараз салоны және Жамекова Т. «ЖК» мен «Аида» шаштараз салоны үш жақты шарт жасалды.

Кадрларды сапалы даярлау мақсатында өндіріске қазіргі заманғы көзқарасты ескере отырып, 2019 жылы 0503000 «Слесарлық іс» мамандығы бойынша «Ақтөбе Электромонтаж» ЖШС және «Электро Сервис» ЖШС кәсіпорындарымен бірлескен практикалық дайындық туралы шартқа қол қойылды, олар еңбек нарығында бейіні бойынша мол тәжірибесі және құрамында тәжірибелі кәсіби кадрлары бар. Жұмыс оқу жоспары әзірленді, онда кәсіпорында өткізілетін тәжірибелік оқыту сағаттарының саны базалық және кәсіби модульдердің сағаттарының санынан 60% — дан астамын құрайды.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?