Home / Мемлекеттік қызметтер / Мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері / «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

  «Білім алушыларды білім беру
ұйымдарының түрлері бойынша
ауыстыру және қайта қабылдау»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
«Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары  
2 Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
2) «электрондық үкіметтің» www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
 
3 Мемлекеттік
қызмет көрсету мерзімі
Ауыстыру үшін:
бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне – 3 (үш) жұмыс күні;
бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға – 3 (үш) жұмыс күні;
ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға – 8 (сегіз) жұмыс күні;
бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Қайта қабылдау үшін:
бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына – 10 (он) жұмыс күні;
білім беру ұйымында оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда – 3 (үш) жұмыс күні.
 
4 Көрсету нысаны электрондық/қағаз түрінде.  
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама не себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің сақтау шарты. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.
 
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Тегін  
7 Жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында;
2) www. egov. kz порталында орналасқан.
 
8 Құжаттардың тізбесі Ауыстыру үшін:
Бір білім беру ұйымында бір мамандықтан екіншісіне немесе бір оқу нысанынан екіншісіне:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
Бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымнан орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
2) басқа білім беру ұйымына келгені туралы талон.
Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда.
Бір оқу нысанынан басқа білім беру ұйымына басқа нысанға:
1) ауыстыру туралы өтініш (немесе өзге де заңды өкілдері) еркін нысанда;
2) білім алушының ауысып кететін білім беру ұйымы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымынан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымына ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері.
Қайта қабылдау үшін:
Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына:
1) ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші;
2) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың көшірмесі.
Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде білім алушылар оқудан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда:
1) ата-аналарының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) еркін нысандағы қайта қабылдау туралы өтініші;
2) төлем бойынша қарызын өтегені туралы құжат.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
 
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
 
10 Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының «1414», 8 800 080 7777 телефондары арқылы алады.
 

 

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?