Home / Колледж туралы / Колледж тарихы

Колледж тарихы

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі –  бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлауда өзіндік орны бар  еліміздегі кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі.

Колледждің іргетасы 1929 жылы қаланып, бүгінгі күні еліміздегі іргелі оқу орындарының біріне айналды. Оқу орнымыздың тарихы өткен ғасырдың 1929 жылы теміржолшыларды даярлайтын ФЗУ мектебі болып құрылғаннан басталады. 1929 жылы Ақтөбе қаласында Самара-Златоуст темір жолы басқармасы темір жол мамандықтарының жұмысшыларын даярлау үшін  ФЗУ мектебін ашу туралы шешім қабылдады. 1941 жылдың шілде айында ФЗУ мектебі Ақтөбе облыстық еңбек резерві басқармасының №6 теміржол училищесі болып қайта құрылды. Содан бері колледждің атауы бірнеше рет өзгерді.

2012 жылдан «Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?