Home / Бағдарламалар / Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысы.

4.1 Бағдарламаның мақсаттары

Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

  1. «Еңбек» бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар

5.1. Бірінші бағыт: «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытында мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:

1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;

2) жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

3) «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау;

4) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік даярлау.

«Еңбек» бағдарламасының бірінші бағытының техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау мәселелері бойынша операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі; жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту және еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік даярлау мәселелері бойынша операторы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады.

5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау

«Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне сәйкес тегін беріледі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан, ағымдағы және өткен жылғы 9-11-сыныптардың түлектері, кәсіптік білімі жоқ және оқу орындарына түспеген адамдар, жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар, табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар болып табылады.

ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.

ТжКБ бар кадрларды даярлауды жүзеге асыруға арналған оқу орындарының және мамандықтардың тізбесін, оқу орындары бойынша орындарды бөлуді білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның ұсынымы бойынша өңірлік комиссия бекітеді.

Мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «ЕРДО» АҚ) және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін талдау мен болжау ескеріле отырып айқындалады.

ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 15-2) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес білім беру мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша біліктіліктер мен мамандықтар тізбесінің негізінде айқындалады.

ТжКБ оқу орындары мыналар:

1) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша білім беру қызметіне лицензиясы;

2) ТжКБ саласында білім беру қызметін жүзеге асыру бойынша кемінде үш жылдық тәжірибесі болған кезде тізбеге енгізіледі.

ТжКБ бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру үшін аудандық (қалалық) комиссияның шешімімен әрбір республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалада, астанада, ауданның/қаланың кенттік, ауылдық округтерінде мобильді топтар құрылады.

Мобильді топтардың құрамына кенттер, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар мен қалалар құрамындағы аудандар әкімдіктерінің, білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті полиция қызметінің, жастар ұйымдарының өкілдері мен волонтерлер кіреді.

Аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мобильді топтардың қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мобильді топтар жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде білім беру ұйымдарынан, жергілікті полиция қызметінен, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан және кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, қалалар құрамындағы аудандардың әкімдіктерінен деректер алу арқылы үміткерлерді іздестіруді жүзеге асырады және олармен түсіндіру және кәсіптік бағдарлау әңгімелерін жүргізеді.

Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер жөніндегі ақпаратты (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.

ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, «100/200» қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрлар даярлауды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.

Еңбек ресурстарын онлайн оқыту

Ақпараттық технологиялардың дамуы аясында азаматтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және адами капитал сапасын жақсарту, мамандарда жетіспейтін және сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыру үшін Электрондық еңбек биржасы базасында онлайн оқыту іске қосылады.

Онлайн оқыту анағұрлым сұранысқа ие кәсіптік және «жайлы» дағдыларды игеру бойынша онлайн курстарды қамтитын болады. Онлайн курстарды халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, білім беру ұйымдарын тарта отырып әзірлейді.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?