Home / Адалдық дүкені

Адалдық дүкені

Колледжімізде  «Адалдық дүкені» ашылды республиканың барлық жоғары оқу орындары мен мектептерінде қолдау тауып келе жатқан жарқын бастама. Жобаға үлес қосу мақсатында бүгін «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері колледжімізде «Адалдық дүкені» ұйымдастырды. Дүкенде студент өзіне қажетті сомаға тауар жинап, сол соманы касса тәрізді арнайы жәшікте қалдырады.

Жобаның мақсаты — балаларды адалдыққа, мәдениеттілікке, қамқорлыққа, сыйластыққа баулу. Осындай дүкендерді енгізу жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қасиеттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Сенім мен адалдыққа негізделген дүкеннің есігі әрдайым ашық!

«Адалдық дүкені» сендерді күтеді, достар!

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?