Home / Абитуриенттерге / ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

2021-2022 оқу жылына арналған оқуға кабылдаудың

ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру (бұдан әрі — ТжКОББ) ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі — колледж) оқуға қабылдау тәртібін айқындайтын «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) 10-бабының1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы қазандағы №578 бұйрығына сәйкес және оған енгізілген өзгерісіне сәйкес әзірленді.
  2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдарына білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.
  3. Колледжге оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 26-бабының 8-тармағында айқындалған адамдарды қабылдау квотасы көзделеді.

Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен (бұдан әрі – № 264 қаулы) бекітілген.

2-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Колледжге оқуға адамдардың өтініштерін қабылдау, әңгімелесуді өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін басшының бұйрығымен 10 маусымнан кешіктірмей тақ саннан тұратын қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына Қамқоршылық кеңесінің (ол болмаған жағдайда – жұмыс берушілердің өкілдері), қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді.

Комиссия мүшелерінің ішінен жауапты хатшы және техникалық хатшылар тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының төрағасы білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға болып табылады.

Қабылдау комиссиясы мен техникалық хатшылар жұмысына жалпы басшылық ету жауапты хатшыға жүктеледi, ол азаматтарды қабылдауды, қабылдау мәселесi бойынша азаматтардың жазбаша сұраныстарына жауап бередi, қабылдау комиссиясының ақпараттық материалдарын жариялауға дайындайды.

  1. Оқуға түсушілерді мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) бойынша колледжге білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) (бұдан әрі – №122 бұйрық) Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру Қағидалары бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтініштері бойынша колледждің жобалық мүмкіндігін ескере отырып, жүзеге асырылады.
  2. Тұлғалардың колледж ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында;

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті беруші) не «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі — портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі — Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
  2. Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
  3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Стандартта келтірілген.
  4. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
  5. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
  6. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
  7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
  8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға колледжге құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
  9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
  10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыскүні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
  2. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына тіркеледі.
  3. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
  4. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда әңгімелесу ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
  5. Колледжге білікті жұмыс кадрларын даярлауға оқуға түсушілердің саны мемлекеттік тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен кезде оқуға қабылдау осы Қағидалардың60-тармағына сәйкес орташа конкурстық балл, сондай-ақ № 264 қаулыға сәйкес квота санаты негізінде жүзеге асырылады.
  6. 9-тармақта көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттар қабылдау комиссиясына тиісті құжатты күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін ұсынады.
  7. Колледждің қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап білім беру ұйымының сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлер мен қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оның күнделікті жаңартылуын қамтамасыз етеді.
  8. Колледжде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау мамандықтар мен біліктіліктерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы (медициналық анықтаманы) ескере отырып жүзеге асырылады.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі.

  1. Білім беру ұйымында бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледждегі педагогтердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогтердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.
  2. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді. Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
  3. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
  4. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) оқудың күндізгі нысанына-күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.

  1. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларды оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты білікті жұмысшы кадрларды даярлау – күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

Қабылдау комисиясының жауапты хатшысы: А.К.Бабаева

Жұм.тел.: 97-54-05

Ұялы тел.: 8 707503068, 87054723182

2021 жылға колледжге қабылдау үшін біліктілік пен оқу мерзімін көрсететін мамандықтар тізімі

Мамандықтардың коды және атауы Біліктілік коды және атауы Жалпы орта білім негізінде
1 07130100 Электржабдықтары (түрлері және салалары бойынша)

 

 

 

3W07130102 Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (түрлері және салалары бойынша); 2 жыл 10 ай
2 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) 3W07140101 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь; 2 жыл 10 ай
3 07150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) 3W07150102 Кең бейінді станокшы;

3W07150103 Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы;

2 жыл 10 ай
4 07150300 Токарлық іс (түрлері бойынша) 3W07150301 Токарь; 2 жыл 10 ай
5 07160500 Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету 3W07160501 Локомотив машинисының көмекшісі (түрлері бойынша); 2 жыл 10 ай
6 10120100 Шаштараз өнері 3W10120101 Шаштараз стилисті; 1 жыл 10 ай

Талапкерлермен әңгімелесу жүргізу кестесі

Мамандықтар Оқыту тілі Өткізілетін күні Уақыты Аудитория Комиссия құрамы
1 Электржабдықтары қазақ 25.08.2021 9-00 15 каб. Кулшынбаев О.Е.

Курмалакова Ж.Ж.

Бижанова Ж.

Мутиева Ж.Д.

Айжарикова М.М.

2 Электрооборудование орыс 25.08.2021 9-00 14 каб. Серикбаев У.Ж.

Курмалакова Ж.Ж.

Бижанова Ж.

Мышанова А.К.

3 Шаштараз өнері қазақ 26.08.2021 9-00 15 каб. Бекмаганбетова А.Б.

Дуйсеналинова А.М.

Бабаева А.К.

Бижанова Ж.

Тукешева К.У.

4 Парикмахерское искусство орыс 26.08.2021 9-00 14 каб. Кинеева А.Р.

Тулеубаева А.А.

Бабаева А.К.

Бижанова Ж.

Бикешева А.Ж.

5 Машина жасау технологиясы қазақ 27.08.2021 9-00 15 каб. Кожахметова А.Ж.

Дузбаев А.А.

Бабаева А.К.

Бижанова Ж.

Мырзалиева С.

6 Технология машиностроения орыс 27.08.2021 9-00 14 каб. Елеуова Л.А.

Бабаева А.К.

Бижанова Ж.

Уца А.А.

7 Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету қазақ 25.08.2021 11-00 15 каб. Утекешова  Ж.Ж.

Жалгаспаев М.К.

Курмалакова Ж.Ж.

Бижанова Ж.

Уксукбаева Г.Б.

8 Автоматизация и управление технологическими процессами орыс 25.08.2021 11-00 14 каб. Баймуратова А.Н.

Катенова Э.Б.

Бабаева А.К.

Бижанова Ж.

Бублий Т.И.

9 Токарь қазақ 27.08.2021 11-00 15 каб. Утекова К.А.

Курмалакова Ж.Ж.

Бижанова Ж.

Нысаналина Ж.Ж.

10 Токарь орыс 27.08.2021 11-00 14 каб. Елеуова Л.А.

Курмалакова Ж.Ж.

Бижанова Ж.

Мусина Р.М.

2021-2022 оқу жылына білім алушыларды жұмысшы мамандықтар бойынша әңгімелесу түрінде өтетін қабылдау емтихандар кестесі

Күні, уақыты Оқыту базасы Мамандығы
25.08.2021 9 класс 07130100 Электржабдықтары

3W07130102 Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (қазақ тілінде оқыту)

25.08.2021 9 класс 07130100 Электржабдықтары

3W07130102 Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі (орыс тілінде оқыту)

25.08.2021 9 класс 07140100 Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару

3W07140101 Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь (орыс тілінде оқыту)

27.08.2021 9 класс 07150100 Машина жасау технологиясы

3W07150102 Кең бейінді станокшы;

3W07150103 Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы (қазақ тілінде оқыту)

27.08.2021 9 класс 07150100 Машина жасау технологиясы

3W07150102 Кең бейінді станокшы;

3W07150103 Бағдарламалық басқарылатын станоктардың операторы (орыс тілінде оқыту)

27.08.2021 9 класс 07150300 Токарлық іс;

3W07150301 Токарь (қазақ тілінде оқыту)

27.08.2021 9 класс 07150300 Токарлық іс;

3W07150301 Токарь (орыс тілінде оқыту)

25.08.2021 9 класс 07160500 Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

3W07160501 Локомотив машинисының көмекшісі

(қазақ тілінде оқыту)

26.08.2021 9 класс 10120100 Шаштараз өнері;

3W10120101 Шаштараз стилисті (қазақ тілінде оқыту)

26.08.2021 9 класс 10120100 Шаштараз өнері;

3W10120101 Шаштараз стилисті (орыс тілінде оқыту)

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?