Home / Абитуриенттерге / Мамандықтар туралы ақпарат

Мамандықтар туралы ақпарат

Мамандық: 1108000«Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану,жөндеу және техникалық қызмет көрсету» (түрлері бойынша)

Біліктілік: 1108062Тепловоз машинисінің көмекшісі

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(қазақ тілінде)                         

Мамандық: 1109000 «Токарлық іс және металл өңдеу»

Біліктілік: 1109012 Токарь

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(қазақ тілінде)                         

Мамандық: 1012000 «Икемді автоматты тізбектер»

Біліктілік: 1012032 Бағдарламамен басқарылатын қондырғылар операторы

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(қазақ тілінде)                         

Мамандық: 1013000 «Механикалық өңдеу, машина жасаудағы бақылау – өлшеу аспаптары»

Біліктілік: 1013062«Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарь»

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(орыс тілінде)

Мамандық: 0503000 «Слесарлық іс»

Біліктілік: 0503012 Электр құралдар жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(қазақ және орыс тілінде)

Мамандық: 0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика»

Біліктілік: 0506012 Шаштараз-модельер

Оқыту формасы: күндізгі
Оқыту мерзімі: 9 класс негізінде 2 жыл 10 ай 
(қазақ және орыс тілінде)

  1. Ақтөбе өнеркәсіптк технологиялар және басқару колледжінде оқуға түсуге келген азаматтардан өтініштерді қабылдайтын, қабылтайтын емтиханды өткізу және оқуға түскендер қатарына енгізетін қабылдау комиссиясы құрылады, оны ұйым жетекшілері құрады, қабылдау комиссиясы өзінің жұмысын 1-ші маусымнан бастайды.
  2. Колледжге негізгі жалпы, жалпы орта (орта жалпы), білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
  3. Колледжге оқуға түсетін азаматтардан өтініш қабылдау 20 маусымнан 27 тамызға дейін жүргізіледі.
  4. Ақтөбе өнеркәсіптк технологиялар және басқару колледжіне оқуға түсушілерге өтінішпен қоса:
  • Колледжге түсушілер қабылдау туралы өтінішімен бірге білімі туралы құжаттың түпнұсқасын,
  • №086-У формасы бойынша медициналық анықтама мен флюросуретті (I және II топ мүгедектері және бала кезінен мүгедектер – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын),
  • 3×4 өлшемді 4 фотосуретті,
  • Түсуші тұлғасын растайтын құжаттарын өзі тапсырады (жеке куәлік, төлқұжат немесе туу туралы куәлік).
  • Оқу түрлері  бойынша түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және есептеледі.
  1. Шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрғылықты орны бойынша тіркелу туралы белгісі бар статусын анықтайтын құжатты ұсынады:
  •  шетел азаматы – ҚР-да тұру рұқсаты;
  • азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеушілер – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • оралман – оралман куәлігі.
  • ҚР-да уақытша тұратын адамдар тұлғасын растайтын құжаттардың көшірмесін немесе миграциялық карта көшірмесін ұсынады.

Мына сілтеме арқылы https://egov.kz/cms/kk/services/professional_education/pass73-2_mon құжат тапсыруға болады.

Открыть чат
Подсказка
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек қажет?